Арнайы техника істен шықты: Ақтөбе әуежайында бірнеше рейс кешіктірілуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат– Ақтөбе әуежайында бірнеше авиарейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуежайдың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұшып-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жалдап алынған арнайы техника істен шықты. Қазір техниканы ұшып-қону жолағынан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы себепті келесі рейстердің келуі кешіктіріледі:

SCAT DV 711 Алматы – Ақтөбе, Атырауға қосалқы әуежайға жөнелтілді

SCAT DV Нұр-Сұлтан – Ақтөбе, Атырауға қосалқы әуежайға жөнелтілді

AIR ASTANA КС 965 Нұр-Сұлтан – Ақтөбе, Атырауға қосалқы әуежайға жөнелтілді

QAZAQ AIR IQ 366 Түркістан – Ақтөбе, Атырауға қосалқы әуежайға жөнелтілді

Бұдан бөлек, келесі рейстердің ұшып шығуы кешіктірілуде:

SCAT DV 712 Ақтөбе – Алматы

SCAT DV 722 Ақтөбе – Нұр-Сұлтан

AIR ASTANA КС 966 Ақтөбе – Нұр-Сұлтан

QAZAQ AIR IQ 400 Ақтөбе – Нұр-Сұлтан.

Еске салайық, кеше Ақтөбе әуежайының ұшып-қону жолағында ақаулар, жарықшақтар, әуеайлақ плиталарының, мастиканың қабыршақтануы анықталғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты әуежайдың ұшып-қону жолағын пайдалану 17 наурыздан бастап уақытша тоқтатылады.

Кейіннен Ақтөбе әуежайында анықталған ақауларды жою жұмыстары басталғаны мәлім етілді.

Соңғы жаңалықтар