Ақтөбе әуежайында жөндеу жұмысы басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе әуежайында ұшу-қону алаңындағы ақауды жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону алаңында ақау пайда болып, арнайы комиссия тексеру жұмысы жүргізді. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров кеше жөндеу жұмысының екі аптаға созылатынын, бірақ жұмыс ауа райы қалыпты жағдайға түскенде басталатынын айтқан болатын. Ал Азаматтық авиация комитеті 17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының жабылатынын мәлімдеді.

«Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ 17-наурызға дейін әуеайлақ плиталарын ішінара ауыстыру және ұшу-қону жолағының жекелеген учаскелерін жөндеу туралы ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта әуежайдың меншікті қаржысы есебінен «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ ұсыныстары бойынша жұмыс жүріп жатыр. Осыған байланысты рейс күндіз емес, түнде ғана ұшады. «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары ақауларды жою жұмысы аяқталған соң қайта тексеру жүргізіп, кейін қалыпты пайдалану туралы шешім шығарылады», - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.


Соңғы жаңалықтар