11:47, 15 Қараша 2022 | GMT +5
«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады
АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.
ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін айтып, компанияға тексеру жүргізу керектігі туралы айтқан болатын.
Жалпы Ленин атындағы шахта іске қосылған 1964 жылдан бері 69 адамның өмірі қиылған.