«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2026 жылғы 28 қаңтар күні жергілікті уақытпен 20:00-де (01:00 Алматы уақыты) Лондондағы Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» матчы өтеді.

Началась продажа билетов на матч «Кайрат»-«Реал Мадрид»: в очереди — более 120 тысяч человек
Фото: Kazinform

Қонақ секторына арналған билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр. Билет қайтарылмайды.

Осылайша, қазақстандықтар алматылық клубты ағылшын Премьер-лигасының лидерлеріне қарсы өтетін тарихи ойында стадионнан қолдау көрсете алады.

Айта кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен ойнайды. Кездесу 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.

Бұған дейін осы матчтың билеттері сатылымға шыққанын хабарлағанбыз.

Билеттердің бағасы орын санатына қарай 15, 25 және 35 мың теңге болып белгіленген.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Премьер-лигасында топ жарып, клуб тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет жолдама алған «Қайраттың» құрамында 2025 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өзгеріс болғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар