Artline Kazakhstan командасы әлемдік автожарыстың финалында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Artline Kazakhstan автоспорт командасы Lamborghini Super Trofeo сериясының Еуропалық және әлемдік финалында өнер көрсетеді.

Artline Kazakhstan
Фото: Artline Kazakhstan

Қазақстандық команда баспасөз қызметінің хабарлауынша, байрақты бәсеке 6-9 қараша күндері Италияның Мисано халықаралық автожарыс алаңында өтеді.

Айта кетерлігі, ArtLine Kazakhstan командасы екі финалдық жарысқа да қатысып, отандастарымыз Шота Абхазава мен Егор Оруджев Pro Am санатында команда намысын қорғайды.

Artline Kazakhstan
Фото: Artline Kazakhstan

Lamborghini Super Trofeo – Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған халықаралық автожарыс сериясы. Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығындағы турнирде шабандоздар 6 кезеңде 2 жарыс алаңында (50 минут) сынға түсіп, финалдық кезеңді өзара сарапқа салады.

Сонымен қатар бұл автожарыста Huracán Super Trofeo Evo модельдік көліктері қолданылады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық команда 31 тамыз күні Германиядағы Нюрбургринг трассасында өткен Lamborghini Super Trofeo Europe жарыс сериясының төртінші кезеңінде екі күміс жүлдені қанжығалады.

Соңғы жаңалықтар