Әртүрлі елдердің өмір сүру ұзақтығының болжамы жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Visualcapitalist порталының сарапшылары БҰҰ деректеріне сүйене отырып, елдердің өмір сүру ұзақтығының ең жоғары және ең төменгі рейтингі көрсетілген жаңа инфографика жасады. 

Әртүрлі елдердің өмір сүру ұзақтығының болжамы жарияланды
Инфографика: Visualcapitalist

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Монакода ең жоғары өмір сүру ұзақтығы – 86,5 жас, одан кейін Сан-Марино (85,8) және Гонконг (85,6) тұр.

Ең төмен өмір сүру ұзақтығы Нигерияда – 54,6 жас, одан кейін Чад (55,2) және Орталық Африка Республикасы (57,7).

Ресейде өмір сүру ұзақтығы — 73,3 жас, ол АҚШ (79,5) пен Қытайдан (78) кейін 102-орында.

Еске сала кетейік, Жапония әйелдердің өмір сүру ұзақтығы бойынша тағы рекорд орнатты

Соңғы жаңалықтар