Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде бір күнде екі ойынды жеңіспен түйіндеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 845-ракеткасы Аружан Сағындықова жекелей сында Нью-Делидегі (Үндістан) ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты. 

Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде бір күнде екі ойынды жеңіспен түйіндеді
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 382-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, жапониялық Саки Имамурамен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда 3:1 есебімен Аружан жеңіп жатқан мезетте Имамура матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, ширек финалға жолдама алған Аружан Сағындықова келесі кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 1182-орындағы үндістандық, 19 жастағы Шрути Ахлаватпен кортқа шығады. 

Қазақстандық теннисші жұптық сында ресейлік Элина Неплиймен бірге ширек финалда доданың 4-ракеткалары, үндістандықтар Вайшнави Адкар — Сравайа Шивани Чилакалапудидің мысын басты — 6:1, 7:5.

Қазақстандық-ресейлік дуэт финалға шығу үшін үндістандықтар Ваидехи Чаудхари — Зил Десаимен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың жұптық сында Үндістандағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар