Арыстан жетім қалған аланды бауырына басты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Блэкпул қаласындағы зообақта екі ғана арыстан - Рэйчел пен Уоллес тіршілік еткен.
Әдетте табиғи жағдайда арыстандар 10 жылдан 14 жылға дейін өмір сүреді, ал зообақта жиырма жылдан астам тіршілік ететіндері де баршылық. Рэйчел 14 жылдан кейін күшіктеді. Бұл арыстандар үшін тым кеш. Оның ағзасы бұл ауыртпашылықты көтере алмай, Хари туғаннан кейін жеті айдан соң жүрек талмасынан өлді.
Әдетте, табиғатта аландар топқа қосылып, басқа арыстандардың көз алдында өседі. Ал Блекпул зообағында өзге жыртқыштар болмаған, қараушылар Харидің алдынан сан түрлі қиындықтардың кездесетіндігінен қауіптенді. Бірақ олар адам таңқаларлық ғажап оқиғаның куәсі болды. Уоллес ұрпағының тәрбиесін, қам-қарекетін өз мойнына алды.