Асайын Байханов: Балаларым да, жақын туыстарым да мемлекеттік қызметте жоқ

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов балалары мен жақын туғандары арасында мемлекеттік қызметшілер жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

асайын байханов
Фото: Валерий Бугаев

«Бір жылы бұл видеоны біреулер жіберді, көрдім. Ол менің қызым емес, кімнің қызы екенін білмеймін. Менің 4 балам бар, екеуі мектеп жасында, екеуі ересек. Екеуі де университет бітірді. Мемлекеттік те, квазимемлекеттік те емес, жеке секторда жұмыс істейді. Алматыда тұрады. Қызым тұрмысқа шыққан. Олар бюджеттік те, мемлекеттік те ұйымдарда еш уақытта жұмыс істеген жоқ», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар Асайын Байханов ең жақын туған-туыстарының да не мемлекеттік, не квазимемлекеттік секторда жұмыс істемейтінін баса айтты.

«Олардың барлығы жеке секторда жұмыс істейді. Екі әпкем, бір ағам бар. Әкем мен шешем зейнеткер», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар