Асхат Шахаров Ақтөбедегі қылмыстық оқиға туралы пікір білдірді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кепілде болып, көз жұмған адамдарды жерлеу рәсіміне көмек беріленінін әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

захват заложников в Актобе
Фото: aqtobe_sergek

Ақтөбедегі қылмыстық оқиғадан соң Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды. 

- Құрметті жерлестер! Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқылануда. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетілуде.

Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Қауіпсіздік шаралары — бақылауымда, - деп жазған Ақтөбе облысының әкімі.

Еске салсақ, Ақтөбеде түнде кепілде болып, босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер пышақ жарақаты болмағанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар