Ашық құдықтар балалардың өміріне қауіп төндіреді — депутат

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай отырысында депутат Нұрсадық Ергешбек Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа инженерлік желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша депутаттық сауал жолдады.

Нұрсадық Ергешбек
Фото: Нұрсадық Ергешбектің facebook-тегі парақшасы

Оның сөзінше, ел азаматтарының қауіпсіздігіне қатер төндірген ашық құдықтар мәселесі шұғыл әрі жүйелі шешімді қажет етеді. Бұл — коммуналдық инфрақұрылым мен жауапты органдардың жұмысындағы өзекті мәселе.

— БАҚ мониторингінің мәліметтері бойынша, тек 2026 жылы балалардың ашық құдықтарға құлауының жеті жағдайы тіркелген. Бұл мәселе жүйелі сипатқа ие болуда. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, анықталған ашық люктер саны 2021 жылы 126-дан, 2025 жылы 356-ға дейін өсті, ал 2026 жылдың тоғыз айында тағы 276 әкімшілік іс тіркелген, — деді депутат.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Сонымен қатар, елде әлі күнге дейін барлық инженерлік құдықтың бірыңғай цифрлық есебі жоқ екенін атап өтті. Оларды қауіпсіз деңгейде ұстауға жауаптылар әрдайым анықтала бермейді. Ал иесіз объектілердің металл қақпақтардың ұрлау қарау ниетті кісілерге оңайға соғады.

— Қолданыстағы Абаттандырудың үлгілік қағидалары бойынша қақпақ ұрланса, қауіпті аймақ бір сағат ішінде қоршалып, жаңа қақпақ бес сағат ішінде жабылуы керек. Дегенмен, нақты есеп беру, қауіпті жедел анықтау және орындау болмаса, мұндай қағаз жүзіндегі ереже пайда бермейді, — деді Нұрсадық Ергешбек .

Ол мәселені шешудің нақты жолдарын ұсынды:

· Бірыңғай жауапкершілік ережелерін белгілеу және меншік иесі туралы ақпараты бар құдықтардың цифрлық тізілімін жасау;
· Қауіпті дереу жою үшін қараусыз қалған құдықтарды мамандандырылған ұйымдарға беру;
· Бір сағат ішінде қауіпті аймақтарды қоршау, екі сағат ішінде балалар мекемелеріндегі қақпақтарды ауыстыру және қақпақтардың жеткілікті қорын сақтау;
· Тәуекелі жоғары құдықтарды торлармен және датчиктермен жабдықтау арқылы арнайы санатқа бөлу;
· Композиттік қақпақтарға қойылатын талаптарды әзірлеу және ұрлық аймақтарындағы металл қақпақтарды олармен ауыстыру;
· Ұрланған қақпақтарды тапсыру әрекеттері кезінде металл сынықтарын қабылдау бойынша бақылауды күшейту және полицияға жедел хабарлау;
· Уәкілетті органдар мен өңірлер үшін бірыңғай жүйеде деректер алмасуды қамтамасыз ете отырып, жарақаттардың, ұрлықтардың және оларды шешу мерзімдерінің бірыңғай есебін енгізу.

Шымкент көшелеріндегі ашық құдықтар тұрғындарды алаңдатып отыр
Фото: Татьяна Корякина / Kazinform

Одан бөлек, депутат қауіпті аймақтарды анықтау және сын-қатер карталарын жасау бойынша пилоттық жобаларды іске қосу арқылы бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз құдық» науқанын ұйымдастыруды ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте құдық ішінде екі жұмысшы уланып, көз жұмғанын жазғанбыз.