АШМ оңтүстіктегі шегіртке шабуылы туралы: дұрыс статистика берілмеген

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл шегірткелер 2,1 млн гектар жерге ғана тарайды деп болжап отыр. 

АШМ оңтүстіктегі шегіртке шабуылы туралы: дұрыс статистика берілмеген
Фото: Pexels

— Шегірткемен күрес жұмысы кешенді түрде іске асырылып жатыр, оған ел бойынша 4,5 мыңнан астам адам тартылып, 400-ден астам техника жұмылдырылды. Қазір барлық облыста шегірткемен күрес жұмысы қызу жүріп жатыр, — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сала мамандарының болжамына сәйкес, биыл ел аумағында шегірткенің таралу алқабы 2,1 млн гектар жер деп отыр. Өткен жылға қарағанда 1 млн гектарға аз.

— Өткен жылмен салыстырғанда шегірткенің таралу аймағы азайып келе жатыр. Екіншіден берілген ақпаратта тиісті дәйек жоқ, яғни дұрыс статистика берілмеген, — дейді ол.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, шегірткелер кем дегенде 5 млн гектар жерді шарпиды деген ақпарат тараған, ал министрлік өкілі 2,1 млн гектар жерге ғана тарайды деп отыр.

— Біз бұл ақпаратпен келіспейміз, — деп қысқа қайырды Ермек Кенжеханұлы.

Айта кетсек, Ауыл шаруашылығы министрлігі оңтүстік өңірлерде шегіртке қаптап кеткені туралы ақпаратты бұған дейін де жоққа шығарған еді

Еске салайық, Түркістан облысы жыл сайын шегірткеден зардап шегеді. Әсіресе, нәсібін жер анадан терген шаруалар үшін жағдай қиын

Соңғы жаңалықтар