Асылбек Есенбаев Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Бұған дейін Астана қаласы Есіл ауданының әкімі қызметін атқарған Асылбек Есенбаев бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Асылбек Есенбаев
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асылбек Есенбаев ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол 1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1998 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. 

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстанның даму институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері болып бастап, «Стратегия» талдау орталығының сарапшысы, директорының орынбасары, «KEGOC» ААҚ «Сарбай жүйеаралық электр желілері» филиалының екінші санаттағы есепшісі, «Трансстрой» корпорациясы» ААҚ Қазақстандық филиалының экономисті, бас экономисті болып жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы, ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы болды. 

2008-2009 жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан-Ресей университеті директорының орынбасары қызметін атқарды. 

2009-2021 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-

Министрі орынбасарының көмекшісі, ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының басшысы болды. 

2021-2022 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласының «Есіл» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар