Асылхан Асан фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM – Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, оныншы орынға тұрақтады. Роман Иванов 11-орынды иеленді.

Дінмұхамед Райымқұлов 14-ші, Шерзод Хаширбаев 23-ші, ал Ұланбәкір Өмірзақов 31-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Канаданың Вал-Сейнт-Ком қаласында өткен фристайл-могулдан 2026 жылдағы алғашқы әлем кубогында жекелей және параллель сайыста 5-орын алғанын хабалағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум