Асылжан Есенгелді еркін күрестен әлем чемпионатының финалында күреседі
Асылжан Есенгелді Албания астанасы Тирана қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасында еркін күрестен әлем чемпионатының финалында күреседі, деп хабарлайды Kazinform.

Ұлттық құрама спортшысы 61 келі салмақта сынға түсті. Ол жартылай финалда қырғыз балуаны Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті.
Белдесу аса тартысты өтті.

Оған дейін Асылжан жапониялық Каито Моританы, үндістандық Акаш Дахияны қапы қалдырды.
Енді ол финалда ресейлік Башир Магомедовпен күреседі.
Айта кетсек, дүбірлі дода 23-29 қазан күндері жалауын көтереді.

Әлем чемпионатына қатысатын балуандар еркін, грек-рим жән әйелдер күресінен сынға түседі.
Еліміздің атынан еркін күрестен құрама сапында Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Асылжан Есенгелді (61 келі), Адлан Асқаров (65 келі), Родион Анчугин (70 келі), Ербарыс Сатыбалды (74 келі), Шамсат Таир (79 келі), Нұрдәулет Қуанышбай (86 келі), Нұрдәаулет Бекенов (92 келі), Юнус Гафуров (97 келі) және Омархан Надиров (125 келі) бар.