Әскердегі тәртіп бұзушылықтың 70-80% бейнебақылау камерасының көмегімен анықталады

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздегі әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары орнатылған, бірақ саны жағынан әлі жеткіліксіз. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев айтып берді.

ЖД вокзал Астана ТЖ вокзалы видеонаблюдение камера бейнебақылау
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

- Қазір әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары орнатылған. Олар жеке құрамның жатын жайларында, кезекшілер отыратын жерде, қару-жарақ қоймаларында және жеке құрам көп шоғырланатын жерлерде қойылған. Әрине, бейнебақылау камераларының саны жеткіліксіз. Бұл бағытта бөлім командирлері тиісті жұмысты істеп жатыр. Әскери бөлімдердегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы құқық бұзушылықтың 70-80% анықталады, - деді Қуаныш Үштаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сарбаздар жүретін барлық жерде бейнебақылау камерасын орнату мүмкін емес.

Айта кетсек, бір апта бұрын Сарыөзекте (Жетісу облысы) қатардағы жауынгер оқу-жаттығу кезінде мерт болды.

Бұған дейін әскерде сарбаздардан ақша жинау мәселесі туралы жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар