Әскерилендірілген кәсіби апаттық-құтқару қызметі мемлекет меншігіне қайтарыла ма

«2018 жылы Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жекешелендірілді. Жекешелендіру процедурасы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның нормаларына жәнеҮкімет қаулысымен бекітілген жекешелендіру нысандарын сату ережесіне сай жүргізілді. 2022 жылы өкілетті органдар әскерилендірілген кәсіби апаттық-құтқару қызметін жекешелендіру барысында жемқорлық белгілерінің болмағаны туралы құқықтық баға берді», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов.
Оның атап өтуінше, Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі бүгінде «Азаматтық қорғаныс» заңымен өзіне жүктелген қызметті толық көлемде атқарып отыр.
Мұнан бөлек, аталған қызмет жекешелендірілген сәттен бері жұмыс орындарының саны 1,5 есе артты. Жеке инвестиция көлемі - 3,5 млрд теңге.
«Азаматтық қорғаныс туралы» заңның 51-бабына сәйкес, жеке апаттық-құтқару қызметінің азаматтық қорғаныс саласындағы өкілетті органның сұранысымен төтенше жағдайд жоюға қатысуы міндетті саналады. Яғни, төтенше жағдайға әрекет ету сақталған. Ал жаңа қызметтің құрылуымен нығая түсті. Осыған орай әскерилендірілген кәсіби апаттық-құтқару қызметін мемлекет меншігіне қайтару бүкіл жеке қызметтердің жойылуына, олардың жұмысшылары мен отбасы мүшелерінің арасында әлеуметтік шиеленістің артуына алып келеді», - деді Үкімет басшысы.