Әскерилер арасындағы Әлем чемпионаты: Қазақстандық екі боксшы «алтын» алды
49 келіге дейінгі салмақта «алтын» үшін Т.Жүсіпов бразилиялық боксшы Леандерсон Консейсаомен кездесті. Теміртас төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Қазақстанға турнирдегі алғашқы алтын жүлдені алып келді. Оның алдында Т.Жүсіпов Бум Сео Квакты (Оңтүстік Корея), Абеднег Макклатені (Кения) және Володя Мнацаканянды (Ресей) жеңген болатын.
Ал 52 келіге дейінгі салмақтағы Д.Әбдіқадыр финалда жастар арасындағы Ресей чемпионы Дмитрий Двалимен айқасты. Жекпе-жек төрешілердің әртүрлі шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Дамир Әбдіқадыр Қазақстан үшін екінші «алтынды» олжалады.
Айта кетейік, жоғары дәрежедегі жүлделер үшін Қазақстан құрамасынан сондай-ақ, Тимур Нұрсейітов (75 кг) және Абзал Құттыбеков (91 кг) таласатын болады.