Астана әкімі елордадағы табиғи өсімнің көрсеткіштерін айтып берді

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Елорданың қалыптасуы жылдарында халықтың табиғи өсімі 6 есеге өсті. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барасында мәлім етті.
None
None

Осы орайда соңғы 4 жылдағы жағдайға тоқталған әкім, 2009 жылы Астанада 17 710 сәби дүниеге келгенін, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 21 266 балаға жеткенін атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, төрт жылдың ішінде елордада 70 мыңнан астам сәби дүние есігін ашып отыр. «Яғни, бұл көрсеткіш Рудный және Балқаш секілді тұтас қаланың халқына тең», - деп нақтылады әкім.

Соңғы жаңалықтар