12:27, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Астана әкімі: елорданың әрбір бесінші тұрғыны кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Астананың әрбір бесінші тұрғыны кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында айтты.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік саласын бүгінде Астана экономикасының 60 пайыздан астам көрсеткішін қамтып отыр. Шағын және орта бизнестегі белсенді субъектілер 48 мың бірлікті құрап, онда жұмыс істейтіндердің саны 9 пайызға артқан екен.
Егер 2007 жылы бұл салада 128 мың адам еңбек етсе, ал қазіргі кезде олардың саны 165 мың адамға жеткен.