«Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі маңындағы көшелер жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін екі ірі бұқаралық шара кезінде төрт даңғылдағы көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Астана әкімдігінің медиа орталығының мәліметінше, 18 шілдеде сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында «Астана» және «Спартак Юрмала» командалары арасында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының екінші кәсіби раунды өтеді
Оған қоса ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрменің аясында 18 шілдеде сағат 19.30-да «Сарыарқа» велотрегінде корей эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.
Осыған байланысты 18 шілдеде сағат 18.00.-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойынша, Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу шара аяқталғанға дейін жалғаспақ. Көлікпен Мәңгілік Ел, Түркістан және Ақмешіт көшелері бойынша жүруге кеңес беріледі.
Қала тұрғындары мен қонақтары стадионға қоғамдық көліктің 12 түрімен жете алады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506.
Сағат 18.00.-ден қаланың 4 нүктесінен «Астана Арена» стадионына апаратын футбол жанкүйерлері мен концерт көрермендері үшін арнайы автобус ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СС тұрағы, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы мен астаналық цирк аумағында ұйымдастырылады. Жол ақысы - 90 теңге, жол билеттері жарамсыз.
Ойындар мен концерттен кейін қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктерімен жетуге болады. Сағат 21.00.-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша орналасқан стадионның тұрағы мен «Астана Арена» Стадионы» аялдамасына арнайы автобустар ұйымдастырылмақ. «Астана Арена» стадионының тұрағына ресми қалалық такси тасымалдаушылары келеді.
Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі көлік жүргізушілерге сол күні жол кептелістеріне тап болмас үшін арнайы бағытты алдын ала ұйымдастыруға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар