Астана әуежайы неліктен араб компаниясының басқаруына берілді
Көлік министрі Марат Қарабаев Астана әуежайы неліктен БАӘ компаниясының басқаруына берілгенін түсіндірді. Сондай-ақ ведомство басшысы шетелдік инвестор алдына қандай міндеттер қойылатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Астана әуежайына келсек, араб инвесторы, оның ішінде холдингтерге ие Abu Dhabi ports компаниялар тобы бар. Олардың әлемдегі ірі халықаралық әуежайларды қамтитын жаңа бағыттары бар. Abu Dhabi Ports – жолаушылар ағыны 28 млн адамды құрайтын ірі әуежайлардың бірі, менеджменті өте жоғары және дәл осындай әуежайлардағы стандарттар Астанада да дами түседі. Жаңа басқарушы компаниялардың келуімен сервис пен менеджменттің мүлдем басқа деңгейі болады. Бұл – өте маңызды. Бұл ретте біз жай ғана шетелдік компанияға береміз деп айтпаймыз, шетелдік компанияның алдына нақты міндеттер де қойып отырмыз», – деп түсіндірді Марат Қарабаев.
Яғни, шетелдік инвестор алдына қойылған бірінші міндет – ұшу-қону жолағын толық жөндеу. Осылайша, Көлік министрінің айтуынша, республикалық бюджетке түсетін жүктеме айтарлықтай төмендейді. Ал бұл ақша бюджеттен халықтың қажеттіліктеріне жұмсалады.
«Екіншіден, олар аэровокзал кешенін жөндейді. Үшіншісі – алаңқайда үлкен аквахаб құру. Аквахаб – жерде барлық жүктер бір жерде жинақталады, белгілі бір тарату жұмыстарынан өтеді және нәтижесінде әуежайдың айналасында жұмыс орындары құрылады. Бұл мәселелерді араб инвесторымен талқылаймыз», – деп атап өтті Марат Қарабаев.
Ведомство басшысының сөзінше, шетелдік инвестор әуежай айналасында менеджменттің мүлдем жаңа деңгейін құруды ұсынған, оған үлкен қоймалар, жаңа қонақ үй кешендері және әуежай қызметкерлері үшін бөлек аймақ кіреді.
«Шын мәнінде, жаңа инвесторлардың келуімен осындай шағын қозғалыс орталығы қайта жанданып жатыр. Біз елорда әуежайын халықаралық деңгейге шығарамыз», – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Бұған дейін Араб компаниясы Астана әуежайының жұмысын қолға алғаны хабарланған еді.