Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – 6 қаңтар күні Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға рейстердің кешігіп ұшуына байланысты хабарлама таратты. 

Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай

— Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызмет ұшақтарды қабылдау мен ұшыруды қамтамасыз етіп жатыр, перронды тазалау және аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қону бойынша 7 рейс кешігіп жатыр, Түркістаннан келетін 1 рейс тоқтатылды. Қону рейстерінің кешігуі мен тоқтатылу себептері әуежайлар мен әуе компаниялары тарапынан анықталады. Ұшу бойынша 5 рейс кешігіп жатыр, — деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Рейстердің кешігу себептері:

Шымкент және Қостанай бағыттары — баратын әуежайдағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар;

Қызылорда, Алматы және Камрань бағытындағы рейстер — ұшақтың кеш келуі.

Баспасөз қызметі Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті. Аэродром мен терминалдар тұрақты жұмыс істеп тұр.

— Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылау ұсынылады, — деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетелік ауа райы бұзылып, Павлодар және Ақмола облысында жол жабылды.

 

Соңғы жаңалықтар