Астана әуежайындағы эвакуация туралы ақпарат — жалған

АСТАНА.KAZINFORM — БАҚ беттерінде Астана әуежайында өртке байланысты адамдар эвакуцияланып жатыр деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жоққа шығарды.  

Астана әуежайындағы эвакуация туралы ақпарат — жалған
Фото: Мухтор Холдорбевов/Kazinform

— Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Астана әуежайында өрт шығу қаупіне байланысты келушілердің жедел эвакуацияланғаны жөнінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.  Әуежайда хабарландыру жүйесін тексеру және қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында жоспарлы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр. Барлық жолаушылар мен келушілер оқу дабылының жүргізілетіні туралы дауыс зорайтқыш жүйе арқылы алдын ала хабардар етілді. Ешқандай төтенше жағдай, өрт немесе қауіп тіркелген жоқ. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жолаушыларға қызмет көрсету және рейстерді орындау ешқандай шектеусіз жүзеге асырылып жатыр, — делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу керегін өтінді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana ұшақтың әуежайға қайта қонуына қатысты түсініктеме берген еді.

Соңғы жаңалықтар