Астана әуежайындағы өртке байланысты кешіккен бүкіл рейс ұшып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Елорда әуежайында кешіктірілген барлық рейс орындалды.

Бүгін, 27 ақпанда Астана халықаралық әуежайындағы төтенше жағдайға байланысты елордадан ұшатын 18 рейс кешіктірілген болатын.

15:30-дағы жағдай бойынша ол рейстердің бәрі жолға шығып кеткен.
DV702 Астана-Шымкент 12:23
IQ389 Астана-Жезқазған 12:26
KC952 Астана-Алматы 12:46
KC205 Астана-Дубай 13:04
КС7052 Астана-Алматы 13:36
IQ437 Астана-Петропавл 13:38
КС852 Астана-Алматы 13:42
DV821 Астана-Санкт-Петербург 13:44
DV783 Астана-Өскемен 13:48
IQ367 Астана-Қостанай 13:50
ТК357 Астана-Ыстамбұл 13:55.
КС313 Астана-Ақтау 14:03.
LOT196 Астана-Варшава 14:10
4S5214 Астана-Шарм-эль-шейх 14:19
КС7341 Астана- Қостанай 14:43
КС7307 Астана-Шымкент 14:46
КС345 Астана-Өскемен 14:48
КС7315 Астана-Қызылорда 15:25

Жалпы 27 ақпанда Астана халықаралық әуежайында барлығы 130 рейс (ұшатын 65 рейс, ұшып келетін 65 рейс) жоспарланған.
Осыған дейін Астана халықаралық әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланғанын хабарлаған едік.
Бүгін ұшуға тиіс 18 рейс уақытынан кешікті.
Кейіннен әуежай жұмысы қайта жанданды.