Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарабаев атындағы астана әуежайының баспасөз қызметі ондаған рейстің кешігіп, бірнеше рейстің кейінге қалдырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Қазіргі таңда әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда кешіктірілген рейстер бар. Дәл қазір ұшып келуге тиіс 36 рейс, ұшып шығуға тиіс 28 рейс кешігуде. 16 рейс кейінге қалдырылды. Рейстердің кешігуіне ел астанасындағы метеожағдай мен әуе кемелерінің кешігіп жетуі себепкер болды. Жолаушылардан рейстердің кешігуі мен кейінге қалдырылуы туралы мәліметті әуежайдың анықтама қызметінен, әуе компанияларының call-орталықтарынан нақтылап отыруды сұраймыз», - дейді Әнуар Шалекенов.

Әуежай персоналы ұшу-қону жолағын қайта-қайта қардан тазартып жатыр.

«Әуежайда кешеден бері қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде ұшу-қону жолақтарын да қардан тазартып отырмыз. Жолдарда көктайғақ боулына байланысты жолаушылардан сақ болуды сұраймыз», -дейді әуежайдың баспасөз хатшысы.

Еске салайық, кеше кешке қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себебімен елорда әуежайының қызметі тоқтатылған болатын.

29 наурыз күні сағат 19:00-ден бастап қалада екпінді жел мен қалың қарға байланысты ескерту жарияланды. Қаладан шығатын барлық автожолдар жабылды. ҚР Төтенше жағдайлар департаменті шедел штаб құрды.

Сондай-ақ күшті жел Алматы халықаралық әуежайында ұшақты орнынан қозғап жібергенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар