06:27, 25 Ақпан 2025 | GMT +5
Астана бастаған жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

— 2025 жылғы 25 ақпанда Астана, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыдан бұрын еліміздің бес қаласында ауа сапасы төмендейтінін жазған едік.