Астана іргесінде құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы, Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылы маңында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 15:06 шамасында тұтанған.

«Қызыл жалын 1 гектар аумаққа жайылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге Ақмола облысы мен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 17 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді», - деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына орманды дала алқаптарына барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Біржан сал ауданында құрғақ шөп өрті сөндірілгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар