Астана қаласының зейнеткерлері шипажайға жолдаманы қалай ала алады
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Астанада 6 мыңнан астам зейнеткер санаторлы-курорттық ем алуға мүмкіндік алады. Жеңілдікпен берілетін жолдаманың алу жолдарын Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы түсіндірді.

Ресми деректерге сәйкес 2024 жылы 5467 зейнеткерлерге ем шараларын алу ұсынылған.
Санаторлы-курорттық ем алуға құқылы тұлғалар:
Астанада тіркелген және тұратын жасына байланысты зейнеткерлер;
Ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатындар;
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушылары арасындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары.
Санаторлы-курорттық емделу қажет деп танылған мүмкіндігі шектеулі жандар төлемнен босатылады.
2025 жылы қолжетімді үш санаторий бар:
«Zari» (Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы);
«Айша-Бибі» (Тараз қаласы);
«Қатаркөл» (Ақмола облысы, Бурабай ауданы).
Сондай-ақ birge.astana.kz сайты арқылы онлайн өтініш бере аласыз, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.
Қолжетімді күнді таңдау керек. Жолдамалар санаторийлермен келісілген нақты орналастыру күндері бойынша беріледі. Қазіргі уақытта кезек жоқ.
«Қатаркөл» санаторийі бойынша қабылдау күнтізбесі:
Наурыз, сәуір, мамыр — 3 ақпаннан бастап;
Маусым, шілде, тамыз — 2 мамырдан бастап;
Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан — 1 тамыздан бастап.
Кезекке жазылғаннан кейін, жолдама 15 күн қалғанда беріледі.
Мекенжай: Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 9.
Өзімен бірге емхана берген санаторлы-курорттық карта көшірмесін ала бару қажет.
Маңызды ескерту: Жолдаманы басқа тұлғаға беруге тыйым салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда балалар лагерін санаторлы-курорттық кешенге айналдыруға 2,5 млрд теңге жұмсалғанын жазғанбыз.