Астана құтқарушылары ЭКСПО-қалашығындағы жаттығулардың жай-жапсарын әңгімеледі (ФОТО)

Астана ТЖД-дан хабарлағандай, жаттығу шарттары бойынша құтқарушылар диаметрі 80 метрлік, шар тәрізді ғимарат түрінде салынған «Қазақстан» орталық павильонындағы өртті сөндіруі тиіс болды.
«Жаттығуларда көзделгендей, көрме кешенінің 6-қабатында дәнекерлеру жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс материалдары өртенді. Дабыл қағылып, оқиға орнына Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің өрт сөндіру жасақтары, Медициналық апаттар орталығының және Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару қызметінің бөлімшелері келіп жетті. Ғимараттың 5-7-ші қабаттарының күшті түтіндегені байқалды, 2 адам зардап шекті. Құрылыс материалдарының жануына байланысты жалын ғимараттың баспалдақтары арқылы таралды. 15 адам құтқарылды», - деп әңгімеледі Астана ТЖД-да жаттығулардың мен-жайы туралы.
Бұл жаттығудың мақсаты ЭКСПО нысандарында шартты өртті жою және биік ғимараттарда өрт сөндірудің жаңа техникаларын қолдану жөніндегі іс-қимылды пысықтау болды.
Жаттығу аяқталғаннан кейін ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин өрт сөндіру қызметінің басшылығымен бірлескен жаттығуға талдау жасады және қызметтердің өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.