Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған 19 шетелдік ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге әрекет жасаған шетел азаматтары анықталды. 2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана мен Алматы әуежайларында осындай 19 факт тіркелді.

Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған 19 шетелдік ұсталды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың жеке деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

шекара
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

жалған құжат
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау кезінде жалған және бөгде құжаттарды пайдалануға қатысты 358 құқық бұзушылықтың жолы кесілген.

жалған құжат
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған немесе басқа адамның құжаттарын пайдаланып кесіп өту қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан шекарасын Каспий арқылы заңсыз кесіп өткен үш ирандық сотталғанын хабарлаған едік.