Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 2026 жылғы 2 қаңтарда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін елдің барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Сондай-ақ синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына алдағы үш күннің ауа райы болжамын ұсынды.

 

Соңғы жаңалықтар