Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Число долларовых миллиардеров в мире достигло рекордного уровня
Фото: pixabay

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 517,47 теңге, сату - 519,27 теңге;
- еуро: сатып алу - 604,61 теңге, сату - 609,13 теңге;
- рубль 6,36 - 6,49 теңге аралығында саудаланады.
- юань 73,00 - 75,61 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 514,43 теңгеден сатып алынады, 521,38 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 600,67 теңге, сату - 610,67 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,55 теңге;
- юань 73,00 теңгеден сатып алынады, 77,07 теңгеден сатылады.

Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге қымбаттап, 517,66 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар