Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

валюта
Коллаж: Kazinform/ Canva

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 520,35 теңге, сату — 522,75 теңге;
— еуро: сатып алу — 598,59 теңге, сату — 603,30 теңге;
— рубль 6,44 — 6,56 теңге аралығында саудаланады.
— юань 73,77 — 76,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 519,47 теңгеден сатып алынады, 523,53 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 597,97 теңге, сату — 604,62 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,44 теңге, сату — 6,55 теңге;
— юань 75,00 теңгеден сатып алынады, 78,73 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 21 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 518,66 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар