Астана мен Алматыда доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

обмен валюты, ақша айбастыру
Фото: Kazinform

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 506,70 теңге, сату — 510,03 теңге;
— еуро: сатып алу — 588,84 теңге, сату — 594,79 теңге;
— рубль 6,50 — 6,63 теңге аралығында саудаланады.
— юань 71,49 — 74,44 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 504,90 теңгеден сатып алынады, 511,87 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 584,70 теңге, сату — 594,70 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,60 теңге;
— юань 72,30 теңгеден сатып алынады, 76,87 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 5 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,89 теңгеге қымбаттап, 504,49 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар