03:06, 28 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Астана мен тағы 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 28 желтоқсанда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.