«Астана Опера» ертеңгі концертін басқа күнге ауыстырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қаралы күн жариялануына байланысты «Астана Опера» театры 9 маусымда өтуі тиіс «Махаббат гүлі» концертін 11-не ауыстырады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
None
None

Театр дирекциясы Ақтөбедегі ланкестік әрекет салдарынан қаза болғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтады.

«Әскери қызметкерлер батырлық танытты. Құқықтық тәртіп органдары қызметкерлері өмірлерін қиып, лаңкестер әрекетіне төтеп берді. Олардың кәсіпқойлығына құрметпен қараймыз, айбынды да, ержүрек олар Ақтөбе қаласының бейбіт тұрғындарын қорғады», - деп атап өтті өнер ұжымы.

Репертуарлық жоспарға сәйкес, «Махаббат гүлі» концерті 9 маусымда Камералық залда сағат 19:00-де өтуі тиіс еді, енді ол 11 маусымға сағат 18:00-ге ауыстырылды (сенбі).

Концертке қатысушылар - лирикалық-колоратуралық сопрано иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, жарқыраған жас баритон Азат Мәлік, дарынды скрипкашы Шынар Барлықова, «Астана Опера» балалар балет студиясының оқушылары.

Кеште П. Чайковский, С. Рахманинов, Н. Римский-Корсаков, Р. Шуман, Д. Вольф, Г. Форе, Д. Будей, Н. Виетти, Л. Делибтің танымал романстары мен аспапты шығармалары, сондай-ақ И. Штраус, Ш. Лекок, Ф. Легар, Н. Досталь, Д. Обер және басқаларының оперетталарынан ариялар орындалады.

Фортепиано партиясында - халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова, концертті жүргізетін - «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова.

 

 

Соңғы жаңалықтар