Астана сахнасындағы Малайзия дауысы: Язмин Азиздің Silk Way Star жобасындағы жарқын оқиғасы

АСТАНА. KAZINFORM — Малайзиялық әнші Язмин Азиз — Азиядағы алғашқы мегажоба Silk Way Star-дың есте қаларлық қатысушыларының бірі. Күшті дауысы, ерекше тембрі, харизмасы және мұқият ойластырылған сахналық бейнелері оны жобаның ең көп талқыланатын әртістерінің біріне айналдырды.

Язмин Азиз: малайзийско-филиппинская звезда Silk Way Star с миллионами подписчиков и мировыми наградами
Фото: instagram.com/silkway.star

Язмин Азиз алғашқы эпизодтардан бастап өзін сенімді түрде көрсетті. Оның әрбір нөмірі вокал, визуалды тұжырымдамасымен және кәсіби орындауымен ерекшеленді. Халықаралық қазылар алқасы оның тұрақтылығы мен әрбір апта дерлік алып отырған жоғары балдарын бірнеше рет атап өтті.

Бірінші эпизод Silk Way Star сахнасындағы жұмсақ және әсерлі өнерімен есте қалды. Әнші Lihatlah авторлық композициясын орындап, көрермендерді вокалының нәзіктігі және тазалығымен баурап алды.

Әлемдік хиттер орындалған жобаның екінші эпизодын Язмин Азиз Flowers әнімен ашты. Жарқын визуалды режиссура, гүлдер және эмоционалды жеткізу тректің көңіл-күйін тамаша бейнеледі.

Көрермендер әншінің әрқашан күшті композицияларды таңдап, оларды өзіндік ерекше тәсілмен — жаңа, көркем және түпнұсқаға құрметпен жеткізетінін атап өтті. Астанада әртіске барлық эфирлерге қатысқан жігіті қолдау көрсетті.

Маусымның ең күтпеген өнер көрсетулерінің бірі — малайзиялық әншінің қазақ хиті «Бұл махаббат» әнін орындауы болды.

Басқа тілдердегі әндерге арналған төртінші шығарылымда ол моңғолиялық Chigi tigi boom хитін таңдады. Қазылар алқасы оның вокалына ғана емес, сонымен қатар әртістік шеберлігіне де жоғары баға берді, оның өнер көрсетуі басқа қатысушылардан ерекшеленді.

Келесі эпизодта әнші Малайзияның Sayang Kinabalu халық әнін орындады. Ол киген ұлттық киім мен әнді жарқын орындау Малайзия рухын танытып, көрермендердің оң бағасын алды.

Язмин Азиз жобаның алтыншы эпизодында соңғы жылдардағы әлемдік хиттер шығарылымын Леди Гаганың Abracadabra әнімен ашты. Оның сенімді, күшті өнері вокалдық шеберлігі мен эмоционалды екпін жасау қабілетін тағы да көрсетті.

Әртіс жетінші эпизодта қазақ репертуарына тағы оралды. Ол «Сүгірдің термесі» әнін орындады. Көрермендерді әншінің батыл таңдауы мен заманауи қазақ бейнесін таныта білуі таңқалдырды.

Кезекті сегізінші эпизодты ашқан Язмин рок әншісі бейнесінде «Proud Mary» әнін орындады. Бұл өнері оған аптаның ең үздік орындаушысы атағын әкелді.

Жартылай финалда малайзиялық әнші қазақстандық орындаушы Mona Songz-бен дуэт құрып, Kosong әнін орындады. Қазақстандық әнші әнді қатысушының ана тілінде орындады. Дуэт жоғары баға алып, эпизодтың ең есте қаларлық жұптарының біріне айналды.

Язмин Азиз Silk Way Star сахнасындағы табысынан басқа жақында Малайзияның 30 көрнекті әйелінің бірі атанды.

Жобаның гранд-финалы 22 қарашада сағат 20:00–де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Тікелей көрсетілім Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда өтеді.

Жобаның финалдық «жетілігіне» келесі әншілер кірді:

— ALEM (Қазақстан);

— Язмин Азиз (Малайзия);

— Автандил Абесламидзе (Грузия);

— Мишель Джозеф (Моңғолия);

— Чжан Хэ Сюань (Қытай);

— Саро Геворгян (Армения);

— Мадинабону Адылова (Өзбекстан).

Жеңімпаз аралас жүйе бойынша анықталады: 50% — қазылар алқасы және 50% онлайн көрермендердің дауыс беруі арқылы. Сүйікті әртісіңізді silkwaystar.org сайтында қолдай аласыз. Дауыс беру жүргізушілер жарияланған кезде басталады.

«Silk Way Star» жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып отыр.

Жобада қазақстанның намысын қорғап жүрген белгілі әнші Alem эксклюзив сұхбат берген еді.

Сонымен қатар Silk Way Star еуропалық сарапшыларды жоғары кәсібилігімен таңғалдырды.

Соңғы жаңалықтар