19:33, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Астанада 23 жастағы бойжеткен пәтерлес көршісін өлтірген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың ішкі істер департаментінде Астанадағы ЖОО-ның бірінің студенті, ОҚО тұрғыны болған 21 жастағы бойжеткеннің өлімі фактісі бойынша сот алдындағы тергеу жүргізілуде.

Аса ауыр қылмысты жасау күдігімен Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, 23 жастағы бойжеткен ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті бойжеткен қамауға алынды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Ұсталған бойжеткен жәбірленушімен бірге бір пәтерде тұрғаны анықталды. Олардың арасында туындаған ұрыс кезінде күдікті бойжеткенге пышақ жарақаттарын салды.