23:35, 20 Ақпан 2025 | GMT +5
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 22-23 ақпанда өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Елордада 22 және 23 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 22 және 23 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылған еді.