Астанада бадминтоннан халықаралық турнир басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 17 желтоқсанда, Астана қаласында бадминтоннан ірі халықаралық турнир өз жалауын көтерді.

Бадминтон
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, жарысқа әлемнің 43 елінен келген спортшылар қатысып жатыр. Жүлделер жекелей, жұптық және аралас разрядтарда сарапқа салынады.

Турнир Beeline Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қатысушысы Дмитрий Панарин өнер көрсетіп жатыр.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы әлем кубогінің кезеңінде жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар