Астанада баспана бағасының көтерілуі Алматыдағы жер сілкінісімен байланысты ма

тұрғын үй
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Сарапшылар Алматыға қарағанда Астанада пәтер бағасының көтерілгендігін айтады. Бұл жер сілкінісімен байланысты ма? Осы сауалға Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко жауап берді.

«Өкінішке орай, дүрбелеңге түсу элементі қысқа мерзімді ғана болады. Дегенмен, ол қалай дегенде де бағаға әсерін тигізеді. Ал жер сілкінісі елесінің толқыны жан-жақты хабарланып, тіпті баспасөзде асыра сілтеу де болды. Дәл осы жайт көптеген адамға әсер етіп, олардың қаупін күшейте түсті. Бірақ, сұраныс сатып алушының төлем қабілетіне, нақты шешіміне байланысты екендігін түсіну қажет. Меніңше, мұндай құбылыс қысқа мерзімді ғана», — деді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол «таяу уақытта пәтер бағасы көтерілуі мүмкін бе» деген сауалға жауап берді. 

«Қазіргі уақытта менде ондай үміт мүлдем жоқ десем де болады. Алайда, тыңғылықты зерделеп қарасақ, көптеген сатып алушы мен сатушы қайталама нарықтағы бағаның төмен қарай сырғи түскенін байқар еді», — деді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, ресми статистикалық деректерге сәйкес, сәуірде Астанадағы пәтер бағасы Алматыдан асып түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар