Астанада бір күнде травматология пунктіне қанша адам жүгінді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордадағы травматология пунктілеріне барлығы 265 адам жүгінген. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

ШЫҰ кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді
Фото: Астана әкімдігі

Олардың ішінде 185 жағдай көшеде алған жарақаттармен байланысты. Медицина мамандарының мәліметінше, жарақаттар бойынша бөлек санат жүргізіледі.

— Көктайғақ салдарынан болған жарақаттарға қатысты жеке статистика есептелмейді. «Көшеде алған жарақаттар» санатына ашық аймақта алынған барлық жарақат түрі жатады, — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қала тұрғындарына ауа райының қолайсыздығын ескеріп, барынша сақ болу, жолда және көшеде жүріп-тұру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылады.

Айта кетейік, Астанада көктайғақ салдарынан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар