Астанада бірден 22 автобустың бағыты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың маршрутына өзгеріс енгенін еске салды.

Автобус Астана
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 302, 303, 308, 309, 314, 320, 323, 10, 18, 26, 37, 40, 42, 43, 49, 51, 60, 53, 84, 47, 201, 202  бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген. 

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Соңғы күндері жол жөндеуге байланысты Астанада автобус маршруттары жиі өзгеретін болған.

Қалада ұзын-сонар кептеліс болып, кей даңғылдарда көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді. 

Соңғы жаңалықтар