Елордада 14 автобус маршрутын өзгертті

автобус
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін еске салды.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 10, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 302, 303, 308, 309, 201, 320, 323 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар. 

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Соңғы күндері жол жөндеуге байланысты Астанада автобус маршруттары жиі өзгеретін болған. 

Қалада ұзын-сонар кептеліс болып, кей даңғылдарда көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді. 

Осыған орай Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров кептеліс бар жерде даму бар екенін еске салды. 

Соңғы жаңалықтар