13:44, 23 Ақпан 2026 | GMT +5
Астанада бірыңғай қалалық Astana Type қарпі енгізілмек
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада бірыңғай қалалық Astana Type қарпі енгізіледі. Бұл туралы Астана қаласының урбанистика орталығы хабарлады.
Қалалық урбанистика орталығы қазақ әріптерін қала ортасына үйлестіріп, эстетикалық тұрғыда бейімдеу үшін арнайы қаріп әзірлеп жатыр.
Жаңа қаріп бағыт белгілерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және ақпараттық стендтерде қолданылатын болады.
Сәулет басқармасы атап өткендей, кәсіпкерлерге маңдайшаларды бірден және мәжбүрлеп ауыстыру міндеттелмейді.
Қаріпті енгізу инфрақұрылым жаңартылған сайын кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Еске салсақ астанада үш жаңа автобус бағыты қосылады. Сондай-ақ Алматы мен Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылады.
Айта кетейік, елордада 11 медициналық нысан салынады.