Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM — 22 қарашада «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болғаны туралы «Астана — Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ хабарлады.

жарықсыз қалды
Фото: Pixabay

— 22 қараша күні сағат 01:06–да РП-217-ні қоректендіретін № 106 және № 210 ұяшықтары ажырап, қосалқы станцияда технологиялық ақау тіркелді. Оқиға орнына оперативтік-жедел бригадалар 01:09–да келіп, РП-217 жұмысының бұзылғанын растады, — делінген компания хабарламасында.

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Авария салдарын жоюға оперативтік-жедел қызметтің үш бригадасы, сондай-ақ Есіл РЭС-інің, сынақ және диагностика қызметінің және кабельдік желілер қызметінің бригадалары жұмылдырылды, — деп атап өтті мекеме.

Ақау салдарынан бірнеше тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды. Атап айтқанда, «Зеленый квартал», «Аура», «Асыл Мұра», «Freedom», «GreenLine. Headliner Exclusive 1», «GreenLine Astra» және «GreenLine. Flora».

— Минималды тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін дизель-генераторлық қондырғылар қосылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін БҚО-да электр желілерінің тозуын азайту үшін не істеліп жатқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар