Астанада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары онлайн оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Елорда
Фото: Астана қаласының әкімдігі

— 2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетелік бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум