10:19, 08 Ақпан 2026 | GMT +5
Астанада дәмхана өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары дәмханадағы өртті сөндірді.
Бүгін таңғы уақытта елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Жолымбет көшесінде орналасқан дәмхананың жануы туралы келіп түскен хабарлама бойынша жедел түрде оқиға орнына аттанды.
Құтқарушылар келген кезде дәмхананың ас үйінде тоңазытқыш, жиһаздар мен ішкі әрлеу материалдарының жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.
Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетелік Өскеменде қоқыс толған пәтер отқа оранған еді.