Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана өртеніп, салдарынан жүк көлігіне де зақым келді.

Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖМ

Ведомство мәліметінше, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖМ

— Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана мен сыртқы қаптамасы өртенген. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автокөлігіне зақым келді, — делінген хабарламада.

Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртеніп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар